22 қазанда Республикалық Достық үйінің конференц-залында Республика күніне орайластырылған және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне арналған «Елімнің еркіндігі – менің мақтанышым» атты конференция өтті.
Іс-шараға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қала жастары қатысты. Академиядан спикер ретінде М.Шаймерденова шақыртылды. Конференция Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Конференцияның негізгі мақсаты – патриотизм сезімін қалыптастыру, ұлттық сана-сезімді нығайту болды. Қатысушылар еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларындағы маңызды жетістіктерді талқылап, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның табыстарын атап өтті.

