25 қазан ұлттық мереке — Республика күніне арналған «Қазақстан халқы ссамблеясы және Жаңа Қазақстан» атты тақырып аясындағы кездесу.
21 қазан күні Азаматтық Авиация Академия қабырғасында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы мен Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Республика күнін атап өту және халықтар достығын дәріптеу мақсатында «Қазақстан халқы ассамблеясы және Жаңа Қазақстан» атты тақырып аясында ассамблея мүшелерімен кездесу өтті.
Іс —шараға Алматы қаласындағы ҚХА хатшылығының Ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, Т.Қ.Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы қатысты.
Іс — шара барысында Азаматтық Авиация Академиясы «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы Мухабаев Нұртаза Жұманұлы, ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, Т.Қ.Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы және академияның 1курс студенттері Абдибеков Тимур мен Бекбергенқызы Жанерке Республика күнінің маңыздылығы мен Қазақстан халық ассамблеясының рөлі туралы көлемді баяндамалар жасады.
Іс-шараны қорытындылау барысында ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, Т.Қ.Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы: «Тәуелсіз Қазақстан этноаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше оң тәжірибесін жинақтады. Бұл бағыттағы басты жетістік-қазақстандықтардың этникалық тегіне қарамастан республиканың дамуына қосқан үлесі, менталитеті, өзара түсіністігі және рухани тартымдылығы бойынша отандастар деп аталу құқығына ие болуы. Қазақстанда да, Ассамблеясы қазіргі әлемде сирек кездесетін этникалық келісім құралы. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін Қазақстан Республикасының Парламентіне сайлау ұлтаралық қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Мұның бәрі Қазақстанда мемлекеттің ішкі тұрақтылығы үшін жұмыс істейтін ұлтаралық ынтымақтастықтың орасан зор тәжірибесі бар екенін тағы да дәлелдейді» деп қорытынды жасады.
Іс-шара азаматтық авиация академиясының студенттері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.