• 22.11.2024

Қарты бар үйдің, қазынасы бар

Авторkaznai

Окт 1, 2024

1 қазанды біз жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл күні аға буын өкілдеріне ерен еңбектері мен адамгергершілік және даналық қасиеттері үшін барынша құрмет көрсетіледі.

Олай болса еліміздегі барша қарттарымызды, ақ жаулықты аналар мен абыз ақсақалдарымызды бүгінгі 1 қазан – Хылқаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым — парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Келер ұрпақты осы бір ізгі жолдарыңызды үлгі ете отырып, алға қарышты қадам басуға жігерлендірдіңіздер.

Ендеше осы асыл қасиеттеріңізді қастерлей келе, бүгінгі мейрамда өздеріңізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Жастан жасқа аман сау жете беріңіздер.

Аспанымызды ешқашан бұлт торламасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 1 қазан – қарттар күні құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия