• 02.05.2024

«Үш ішекті сарындар: Г. Бельгердің шығармашылық көкжиегі»

Авторkaznai

Сәу 19, 2024

«Шет тілдері және ҚХА» кафедрасы

2024 жылғы 17 сәуірінде сағат 16:00-де Алматы қаласының қалалық Достық Үйінде қазақстандық аудармашы, прозашы және публицистің   90 жылдығына арналған «Үш ішекті сарындар: Г. Бельгердің шығармашылық көкжиегі» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Бағдарламасы

Халықаралық дөңгелек үстел екі форматта өткізілді – Online және Offline​.

Іс-шараға сілтеме:: https://drive.google.com/drive/folders/1N2VgbA5Dsw5BBMheaN5zfJcvc2w5BBig?usp=sharing

Іс-шара профессор Шаймерденова Меңдіғаным Джамалбековнаның жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Іс-шараны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, сондай-ақ «Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты» және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Орыс филологиясы және әлем әдебиеті» кафедрасы ұйымдастырды.

Іс-шара Герольд Бельгердің шығармашылығын оның әдеби шығармаларын таныстыру және талқылау арқылы насихаттауға бағытталған. Герольд Бельгердің әдеби және публицистикалық қызметін тереңірек түсіну үшін оның өмірбаяны мен әдеби мұрасын зерттеу. Г. Бельгер — “сегіз қырлы, бір сырлы” тұлға: ұлы аудармашы және публицист, көптеген тілдерді – қазақ, орыс, неміс және т. б. тілдерді меңгерген жазушы.

Халықаралық дөңгелек үстелге ҚазҰӨА студенттері, магистранттары, докторанттары қатысты. Темірбек Жүргенов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті: Есмағамбетова Д., Төрехан А., Паничкина Е., Ізбасар А., Шалқар А., Шағдарбекова г. Орынғалиева А., Романенко А., Кикбаева А., Талғатқызы Д. Қайыржанова А., Садыбаева А. Ізбасар А.

Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарын (Алматы, Астана, Көкшетау, Қызылорда), сондай-ақ жақын және алыс шет елдерінің (Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Шешен Республикасы, АҚШ) профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, ЖОО студенттері, магистранттары, докторанттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА құрылымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия