2024 жылдың 12 желтоқсанында Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай дарынды жастарды марапаттау рәсімі өтті.
Бұл атаулы іс-шарада еліміздің әр саласында жоғары жетістіктерге жеткен жас мамандар арнайы марапатқа ие болды. Осы шарада Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жас оқытушысы, дарынды өнерпаз Сатаев Нұрлан «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын жеңіп алды.
Сатаев Нұрлан Кәленұлы – шығармашылықтағы ерекше талантымен және кәсіби шеберлігімен танылған жас маман. Оның бұл жеңісі – өнерге деген адалдық пен еңбекқорлықтың жемісі.
Академия ұжымы атынан Нұрлан Кәленұлына шығармашылық шабыт, ұстаздық қызметте жоғары жетістіктер және мықты денсаулық тілейміз. Бұл марапат – оның болашақта жаңа белестерді бағындыруына үлкен мотивация боларына сенеміз.