2024 жылдың 10 желтоқсанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттері Visa Fashion Week өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға сән индустриясының өкілдерімен қатар академия түлектері – халықаралық байқаулардың жеңімпаздары және жеке брендтердің негізін қалаушылар Әсел Шингисова мен Ақмарал Жарасова қатысты. Бұл талантты дизайнерлер әлемдік деңгейде мойындалған өз брендтерін дамытуда табысты жолдан өтті.
Кездесу барысында студенттер сән саласындағы қазіргі үрдістермен танысып, кәсіби мамандардан құнды кеңестер алды және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Іс-шараның нәтижесінде «Мода және костюм дизайны» кафедрасы мен Visa Fashion Week өкілдері арасында бірлескен қызмет туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл студенттердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.