• 28.03.2024

Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тақырыпта «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Авторkaznai

Қаз 18, 2021

2021 жылдың 15 қазан күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (әрі қарай – Академия) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметінің басшысы Ә.Ә. Әнуар және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бөлімінің басшысы А.Қ. Кумисбековтың ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тақырыпта «Дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстелге» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі төрағасының орынбасары Айгүл Абдіғаппарқызы Сақтағанова, республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев және Академияның басшылығы, декандар, жауапты қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында А. Сақтағанова Министрлікке бағынысты ұйымдардың ұжымымен жүйелі түрде кездесу өткізіп келе жатқанын айтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарының негізгі әдістері туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, қатысушыларға «Таза сессия» акциясының не екенін, қалай жүргізу керек екенін және оның білім беру ордасына қаншалықты маңызды екенін егжей -тегжейлі түсіндіріп, қызмет бойынша тілектері мен ескертпелерін білдірді.

Келесі сөз кезегін алған Қ.Токушев жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру маңызды міндет екенін түсіндіріп, осы бағытта атқарылатын жұмыстарды ашып көрсетті. Басты міндет – үстіміздегі оқу жылына бекітілген жоспардың әрбір шарасын тиянақты, сапалы, жоғары жауапкершілікпен орындау екенін атап өтті.


Академия қызметкерлері де талқыланып отырған мәселеге сәйкес өз ойларын ортаға салып, айтылған ұсыныстар мен тәсілдерді жұмыс барысында ескеретіндерін атап өтті.

Приемная комиссия