23 қазан күні Кинозалда «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының доценті Юлия Владимировна Сорокинаның Getty Research Institute (АҚШ, Лос-Анджелес) ашық порталын пайдалану және цифрлық басылым шығару (электрондық кітап, веб-сайт) бойынша семинары өтті.
Семинар жұмысына Академия оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қауымы қатысты.
Семинар жұмысын ғылыми-редакциялық бөлім басшысы Рамаданова Жанна Дидарбековна ашып, «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының доценті, өнертану бойынша PhD Юлия Владимировна Сорокинаға сөз берді.
«Getty Scholar in the 2023-2024 academic year» халықаралық зерттеу жобасына қатысқан Сорокина Юлия Владимировна «Getty Research Institute ашық порталы & Digitally Born Publications» тақырыбына баяндама жасады.
Баяндамашы жиналған қауымды Getty зерттеу институтының ашық кітапхана порталымен (https://portal.getty.edu/) қалай жұмыс істеу керектігін түсіндірді.
Юлия Владимировна аталмыш институттың «Quire» атты ақысыз электрондық кітап жасап, оны институт сайтында жариялауға мүмкіндік беретін құралымен (https://quire.getty.edu/community/community-showcase/), сондай-ақ, конкурстық және ақылы негізде монография жариялауға мүмкіндік беретін Браун университетінің цифрлық басылымдары (https://library.brown.edu/create/digitalpublications/publications/) сайтымен таныстырды.
Семинар соңында 2024 ж. көктемгі Республикалық СҒЗЖ конкурсы жеңімпаздарының марапаттауы болды.
Семинарды Ғылыми-редакциялық бөлім ұйымдастырды.