• 20.05.2024

II Республикалық «Таланттар шоғыры» конкурсының қорытындысы

Авторkaznai

Сәу 26, 2024

        2024 жылдың 12 сәуірінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында талапкерлерге арналған «Кино және ТВ» факультетінің ұйымдастыруымен «Таланттар шоғыры» атты ІІ Республикалық байқауы өтті.

Байқауға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің түлектері, 2023-2024 оқу жылындағы колледж түлектері қатысты.

         20 ақпан күні online–режимде «Кино және ТВ» факультетінің оқытушылары талапкерлерге кеңес беру жұмыстарын жүргізді. «Кино және ТВ» факультетінің академия басшылығының бұйрығымен бекітілген профессорлық-оқытушылық құрамнан тұратын іріктеу комиссия қарауына тапсырмаларын жіберді. Екі ай бойы мектеп және колледж түлектерінің шығармашылық жұмыстары 2024 жылдың 03 сәуіріне дейін қабылданды. Әр білім беру бағдарламасы бойынша бірінші турға 50 жұмыс ұсынылды. Оның ішінен 8 іріктеліп, екінші турға жіберілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар шығармашылық емтихандарға алдын ала іріктеусіз, үш білім беру бағдарламасы бойынша рұқсат алу құқығына ие болды:

6В02181 – Операторлық өнер – Осянин Максим Константинович

6В02182 – Аудиоөндіріс – Тастанбеков Әділет Еркебұланұлы

6В02184–Режиссура/Көркем фильм режиссурасы –Елеусіз Мағжан Мұратұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия