Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жас өнертанушылардың «АЛУАН» лабораториясының ұйымдастыруымен «Жаңғырық 2» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрме Тәуелсіздік ұғымының тарихи және рухани маңызын өнер тілімен жеткізе білген қазақ суретшілерінің туындыларынан құралды. Сонымен қатар, жас өнертанушылар әрбір туындыға өз талдауларын жасап, көрмеге жаңа мағына берді.
Көрмеге қатысқан танымал суретшілер:
- Жұмақын Қайрамбаев («Көшпенділер туралы жыр», «Қастандық»),
- Өмірбек Жұбаниязов («Құрбандық»),
- Бауыржан Байділдә («Жолаушы»),
- Болат Тұрғынбай («Байқоңыр», «Параллель»),
- Төлеген Сүлейменов («Желтоқсан ызғары»).
- Сонымен қатар, академия түлектерінің жаңа туындылары да ерекше назар аударды:
- Құралай Үмбетова («Күту», «Қадам»),
- Оралбек Қабөке («Ойшылдың күнделігі»),
- Алмас Нұрғожа («Самғау»),
- Дәуренбек Бекназаров («Ойсыл»),
- Нұрлан Сатаев («Шекарашылар», «Бейбітшілік пен соғыс»).
Іс-шараның құрметті қонағы, ҚР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы Өмірбек Орынбасарұлы, өнердің жас буын өкілдеріне қолдау білдіріп, тәуелсіздіктің рухани маңызын ерекше атап өтті.
Көрменің басты ерекшелігі – студенттердің әрбір туынды авторларымен тікелей байланыс орнатуы. Жас өнертанушылар туындыларға талдау жасап, авторлармен ой алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бұл іс-шара болашақ мамандарға баға жетпес тәжірибе берді.