Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының
Шет тілдер және ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен өткен
шет тілдер апталығының
ЕСЕБІ
2024 жылдың 18 – 22 қараша аралығындаТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жыл сайынғы шет тілдер апталығы өтті.Биылғы жылғы апталық «Тіл және Мәдениет» тақырыбына арналды. Шет тілдер апталығының ұйымдастырушысы Шет тілдер және ҚХА кафедрасының меңгерушісі доцент Ж.С.Канлыбаева. Тілдер апталығы аясында бірнеше іс-шаралар өтті:
2024 жылдың 18 қарашасында Шет тілдер және ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл және мәдениет» тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның басты идеясы қазіргі заманауи әлемдегі Уильям Шекспирдің мұрасын түсіну болды, “LANGUAGE OF SHAKESPEARE IN MODERN CULTURE. ROMEO AND JULIET” тақырыбында айқын аталып өтті.
Іс шараға кино және теледидар факультетінің бірінші курс студенттері Ұлы драматургтің шығармашылығына арналған әсерлі бейнематериалды ұсынса, ары қарай эстафетаны театр факультетінің 1 және 2 курс студенттері алып, көрермендерді «Ромео мен Джульетта» қойылымын заманауи бағытқа интерпретациялау арқылы көрермендер назарына ұсынды. Іс-шараның аяқталуы әлемдік мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігіне баса назар аударған бірнеше тілдердегі музыкалық қойылымдар болды.
2024 жылдың 19 қарашасында жыл сайынғы Алматы қаласының студенттері арасында өтетін пікірталас өтті, биылғы тақырып«Тіл және мәдениет» саласына арналды. Аталған іс-шараға Алматы қаласының төменде көрсетілген ЖОО студенттерінің командалары қатысты.
Пікірталасқа қатысушылар:
- 1. Алматы Менеджмент Университеті;
- 2. Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ;
- 3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
- 4. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
- 5. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан құралған студенттер командалары болды.
Гран-приді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері жеңіп алды. Жүлделі 1-орынды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің студенттер командасы иеленді. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері 2-орын, Алматы Менеджмент Университетінің және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері 3-орынды қанжығаларына байлады. Пікірсайыс ағылшын тілінде өтті.
2024 жылдың 20 қарашасында академияның кинозалында апталық тақырыбы аясында арт-қонақ бөлмесінің отырысы өтті. Аталмыш іс-шараға академия студенттері «Тілдер және Мәдениет» тақырыбын талқылап, тілдердің дамуындағы қазіргі тенденциялар туралы, Тіл туралы — жалпы жастар слангі мен интернет тілін қоса талқылап, халық мәдениетінің көрінісі ретінде өз ойларын ортаға салды, сондай ақ, студенттер ана тіліне арналған өз шығармаларының өлеңдерін оқып, бірнеше тілдерде музыкалық шығармалар орындады. Арт-қонақ бөлмесінің қонақтары Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ студенттері болды, олар тіл мен мәдениеттің өзара байланысына өз көзқарастары мен пікірлерін қосты.
2024 жылғы 21 қарашасында Тілдер апталығы аясында жыл сайынғы академияның 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «ALL-ROUND ENGLISH QUIZ» интеллектуалды викторина ойыны өтті, оның мақсаты ағылшын тілін үйренуге қызығушылықты арттыру және студенттердің танымдық белсенділігін дамыту болып табылады.
Зияткерлік викторина ойыны «өнер», «әлемнің әйгілі көрікті жерлері», «мерекелер мен дәстүрлер», «ұлы атақты адамдар», «менің елім–Қазақстан» және «ағылшын тілді елдер» тақырыптары бойынша сұрақ–жауап сайысы өтті. Викторинаға үш команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз болып танылды.
2024 жылдың 22 қарашасында «Шығармашылық өнер рухы» атты тіл апталығының жабылу салтанаты өтті. Іс-шарада аптаның қорытындысы шығарылып, тілдер апталығын өткізуге белсенді қатысқаны үшін студенттерге алғыс сөздер айтылды. Осы іс-шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылды, оған әртүрлі тілдердегі әндер (қазақ, ағылшын, корей, неміс), театрландырылған қойылымдар, презентациялар, викторина және басқа да қызықты қойылымдар қойылды. Бағдарлама Атамекен әнін орындалумен аяқталды.
Тілдер апталығын өткізу Академияның Шет тілдер және ҚХА кафедрасының дәстүріне айналды, жыл сайын бұл іс-шара жаңа мазмұнмен толықтырылып, мәдениетаралық қарым-қатынас тұлғасын қалыптастыруға ықпал етуде.