Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Ең үздік ғылыми жарияланым (монографиялар, Web of Science және Scopus халықаралық базаларына енгізілген жарияланымдар)» байқауы комиссиясының шешімі бойынша профессор-оқытушылар құрамының жеңімпаздары анықталды.
«Монография» номинациясы бойынша:
- 1. Жангужинова М.Е. – «Қазақстан сценографиясының креативті индустрия контексіндегі цифрлық трансформациясы» атты монография, 2024 ж.;
- 2. Нұрлыбаева Е.Н. – «Ақпараттық технологиялар қолдануымен стержендік құрылым элементтерінің жылумеханикалық күйін анықтаудың алгоритмдері мен әдістерін зерттеу және құру» атты монография, 2024 ж.
Web of Science және Scopus базаларындағы жарияланымдар номинациясы бойынша:
- 1. Шаймерденова М.Д. (2ші-автор) – «Kadak is a scarf of offering and consecration (from the history of tradition)» мақаласы, Scopus халықаралық базасы, I квартил, 89-процентиль, 2024 ж.;
- 2. Нұрлыбаева Е.Н. (2ші-автор) – «Computational Modeling of the Thermally Stressed State of a Partially Insulated Variable Cross-Section Rod» мақаласы, Scopus халықаралық базасы, Q3, 43-процентиль, 2024 ж.;
- 3. Кульшанова А.А. (5ші-автор) – «Forests in Kazakhstan: issues of conservation and environmental safety» мақаласы, Scopus халықаралық базасы, Q4, 23-процентиль, 2024 ж.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларға ғылыми жұмыстарына табыс тілейміз!


