XVII ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖАЛПЫ БАҒДАРЛАМАСЫ 2025
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХVІІ Республикалық пәндік олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) ІІ республикалық кезеңі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі базалық ЖОО ретінде белгілеген Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025 жылдың 27 наурыз — 03 сәуір аралығында өтеді.
Олимпиада қатысушыларын тіркеу: 09:20–09:50 академияның фойесінде
Салтанатты ашылу рәсімі: 10:00 академияның Оқу театрында
Базалық ЖОО:
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы)
Қатысушы ЖОО:
- 1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- 2. АГЭУ «Сымбат» дизайн және технология институты (Алматы қ.)
- 3. Алматы менеджмент университеті (AlmaU)
- 4. Алматы технологиялық университеті (Алматы қ.)
- 5. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.)
- 6. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.)
- 7. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (Астана қ.)
- 8. Қазақ ұлттық хореография академиясы (Астана қ.)
- 9. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ.)
- 10. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ.)
- 11. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ.)
- 12. Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қ.)
- 13. «Тұран» университеті (Алматы қ.)
- 14. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
- 15. Қазақ мемлекеттік архитектура және құрылыс академиясы (МОК)
- 16. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
- 17. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
- 18. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
XVII республикалық пәндік олимпиада БАҒДАРЛАМАСЫМЕН қосымшада танысуға болады XVII республикалық пәндік олимпиада БАҒДАРЛАМАСЫ