Almaty Gallery-де Республика күніне орай «Жас суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігінің 5 жылдығына арналған «ZAMANDASTAR-III» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрмеге Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, магистранттары мен түлектері қатысты.
Көрмені ұйымдастырушы – академияның «Көркемсурет» кафедрасының оқытушысы, Жас суретшілер одағының төрағасы Нұрлан Сатаев. Ол мәдениет пен бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының көркем академиясынан құрметті диплом және «Ұлы Елдің Тарандысы» медалімен марапатталды.
Көрмеде жас суретшілер заманауи әлемдегі экологиялық мәселелерге, адамзат қарым-қатынастары мен халықаралық жағдайларға ерекше назар аударады. Сондай-ақ, олар ұлттық дәстүрлерді сақтап, шығармашылық арқылы өз ойларын жеткізуде.
Көрме 12 қарашаға дейін жалғасады, және келушілер жас буын суретшілердің терең ойлары мен ерекше өнер туындыларын тамашалай алады.