• 29.03.2024

«Профессия: Продюсер» атты кітаптың тұсаукесері және авторларымен кездесу өтті.

Авторkaznai

Қаз 13, 2021

13 қазан күні, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы кітапханасының ұйымдастыруымен «Профессия: Продюсер» атты кітаптың тұсаукесері және авторларымен кездесу өтті.

«Профессия: Продюсер» кітабының авторлары:
Алия Увальжанова – продюсер және сценарист, Еуразия Телерадио Академиясының академигі, «Астанателефильм» компаниясының, «Мәдениеттер диалогы» халықаралық кинофестивалінің негізін қалаушы және продюсері, «Сталинге сыйлық», «Жаужүрек мың бала» халықаралық фильмдері, он бестен астам деректі фильмдер, 500 -ден астам телехикаялар сериясының продюсері.

Гүлнәр Абикеева – кинотанушы және киносыншы, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының Президенті, Халықаралық кинофестиваль қозғалысының мүшесі, Қазақстан мен Орта Азия кинематографы туралы жазылған 11 кітаптың авторы.

Тұсаукесерге Экран өнер режиссурасы кафедрасының меңгерушісі – Ғайнижамал Әбділдина, Арт-Менеджмент және продюссерлеу кафедрасының меңгерушісі – Анар Молдашева, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми орталығының жетекшісі – Арман Құлшанова және академия студентері мен магистранттар қатысты.

Тұсаукесерге модераторлық жасаған филос.ғ.д.профессор, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор – Қабыл Халықов. Алғыс сөзді өнертану мамандығының 3-курс студенті Шынар Жұмахан алды. Іс-шара барысында кітап авторларына түрлі сұрақтар қойылып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Тағы айта кететін сүйінші хабар – «Профессия: Проюссер» атты кітаптың мемлекеттік тілге аударылуына «Экран өнер режиссурасы» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Б. Әбілдина себепші болды.

Приемная комиссия