• 05.12.2021

Қазақ киносының күні!

Авторkaznai

Қыр 12, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы баршаңызды еліміздегі маңызы зор мереке – Қазақ киносының күнімен шын жүректен құттықтайды!

2005 жылы Кинематографистер одағының мәжілісі өтті, сол мәжілісте кинотанушы Бауыржан Нөгербек Қазақ киносының күні ретінде 12 қыркүйекті ұсынды. «Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы – кино!» деген өткен ғасырға тиесілі қағида өзектілігін жойған жоқ.

Бүгінгі қазақ кинематографиясы – біздің кино өнеріміздің өрістеп келе жатқанының көрінісі. Қазақстандық кинофильмдердің әлемдік кинофорумдарда мойындалуы – біздің кинемотографтың мол әлеуетінен хабар береді.

Кино күні құтты болсын! Отандық туындылар қатары көбейе берсін! Киногерлерге табыс, шығармашылық шабыт, биік марапаттарға ие болуды тілейміз.

Академия_құттықтайды