Закрыть

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген спортшы — Ардақ Назаровпен кездесу өтеді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың Ұлы есімдерін» ұлықтау саясатын қолдау мақсатында өтетін шараға баршаңызды шақырамыз! Чемпионмен ашық сұхбат құрып, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарға бетпе-бет жауап алу мүмкіндігінен құр қалмаңыздар!

Ұйымдастырушы: шығармашылық және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор – Сәкен Майғазиев;

Кездесу уақыты: 11 қазан, сағ.11:00

Өтетін орны: Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА оқу театры;

Ардақ Назаров