• 28.04.2024

«Дарынды сценограф – 2024»

Авторkaznai

Ақп 23, 2024

2024 жылдың 22 – ақпанында «Театр өнері» факультетінің «Сценография» кафедрасының талапкерлерге арналған «Дарынды сценограф» онлайн байқауы өтті. Бұл байқау  еліміздегі жас сценографтардың шығармашылық қабілетін қолдап, дамыту үшін және дарынды жастарды анықтап, марапаттау мақсатында өткізілді.

Конкурстық бағдарлама екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде барлық қатысушылар сурет, кескіндеме, композиция пәндері бойынша 10 және одан да көп шығармашылық жұмыстарды ұсынды. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын Комиссия пошта арқылы қарап, бағалады.

Байқаудың 1-  кезенінің қорытындысы бойынша 78 үміткердің ішінен екінші кезеңге 30 қатысушы жолдама алды.

2 – кезеңнің  қорытындысы бойынша 30 үміткердің ішінен үш номинация бойынша байқау жеңімпаздары анықталды (мультимедиялық сценография, кино және ТВ қоюшы суретші, Кино және ТВ театрының гримі).

«Дарынды сценограф – 2024» атты талапкерлерге арналған ІIІ Республикалық байқауы лауреаттарының тізімі:

Тайыпов Дастан НазымовичМультимедиялық сценография
Килибаева Алиса БахитжановнаКино және ТД қоюшы суретшісі
Никулина Арина ОлеговнаТеатр, кино және ТД гримі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия