• 07.05.2024

«САҚТАУ АСПЕКТЕСІНДЕГІ КІТАП ЕСКЕРТКІШТЕРІ»

Авторkaznai

Қаз 27, 2023

2023 жылдың 25-27 қазан аралығында «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова

М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасының құжаттарын консервациялау және реставрациялау орталығының ұйымдастыруымен «САҚТАУ АСПЕКТЕСІНДЕГІ КІТАП ЕСКЕРТКІШТЕРІ» атты VII жыл сайынғы пәнаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – «Шығыс елдерінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және қалпына келтіру ерекшеліктері» атты өзекті тақырыпты талқылауға ерекше назар аудару.

Конференция кәсіби мәселелердің кең ауқымын қарастырды:

  • 1. Тарихтану және кітаптану
  • 2. Кітап ескерткіштері мен кітапхана қорларының сақталуын қамтамасыз ету
  • 3. Экспедициялық қызмет
  • 4. Көрме қызметі

Профессор Мұсаханова М.З. «Кітап ескерткіші реставрацияға дейін және кейін» тақырыбында баяндама жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия