• 02.05.2024

Темирбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Жаңғырық» атты көрмесі ашылды

Авторkaznai

Жел 15, 2023

2023 жылдың 13 желтоқсан  сағат 12.00-де  «Өнертану» факультеті «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы «ALUAN» жас өнертанушылар лабораториясының ұйымдастыруымен (жетекшісі Карабалаева Б.Р.), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған, «Көркемсурет», «Сәндік өнер» кафедраларымен бірге, академия «Мектеп, интернат және колледж» профессор-оқытушыларының  «Жаңғырық»» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті!

Желтоқсан көтерілісі – бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға. Осы оқиға қазақ халқын дүр сілкіндірді, егемендікті аңсаған санасын оята алды. Қазақ халқының қаншама жыл аңсаған тәуелсіздігін алып берді. Осы күнді армандаған қаншама батырларымыз бен арыстарымыздың арманы орындалған күн болды.

Бұл күндер біздің жадымызда мәңгіге өшпеуі керек, өшірмеуіміз керек. Ұлы күнді ұлықтау мақсатында бүгінде өнердің барлық саласында қаншама жыр, ән дастандары, өнер туындылары жарыққа шығуда. Бұдан былайда ол толастамасы хақ. Қазақ бейнелеу өнерінің құрылу жылдарындағы жасырынған Рух бүгінгі таңда жарқын бейнеленіп, болашағымызды рухтандыруға жол бастағаны қашан. Қазақтың жарық жұлдыздары, майталман суретшілеріміз Қ.Т.Телжановтың «Көкпар», «Атамекен», М.Кенбаевтың «Асауға құрық салу» сынды туындыларында қаншама бүкпесіз шындықтарды өз кезегінде бүгіп қала алмады. Осындай рухты  суретшілердің ізін бүгінде рухты ұрпақ жалғастыруда, салған дара жолды жаңғыртуда. Батырлар салған сара жолдың жаңғырығын сан ғасырларға жеткізу бүгінгі ұрпақтың қолында.

Назарларыңызға «Жаңғырық» көрмесінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұстаздарының тақырыптық туындылары ұсынылған. Жұмақын Қайрамбаевтың «Қастандық» (2014) туындысы қоғамдағы кереғарлық мәселелерін көтеріп, адамзат арасындағы үлкен маңызды ойларларды алға шығарады. Көрме тақырыбына бағытталған  С.Тайновтың «Желтоқсан қырандары» (2021), «Тарих беттерінен» (2020), Қ.Шүкірбековтың «Қайрат Рысқұлбеков» (2021), Т.Сүлейменовтың «Желтоқсан ызғары» (2021) туындылары Желтоқсан құрбандарының жазықсыз екендігімен рухты бейнесін бейнелеуге бағыттаған.

Тәуелсіздікті арман еткен алаш зиялылары мен батырларымыздың образдары бүгінгі таңда метофоралық тұрғыда, астарлы философиялық пішіндермен шешіле отырып, көрермен назарын өзіне айрықша аударуға басымдық берген. Ж.Қайрамбаев, Р.Базарбаева, Н.Сауытбеков, Б.Досжанов, О.Құмар,  туындылары көркем тілді өзіндік жұмбақ тіліне сала отырып, көрерменді терең ойға батырады. Қасіреттің ең басты образы ана мен бала, оның жан күйзелісі мен жан түршігерлік қиналу сәттері Қ.Үмбетованың туындысында ерекше көрініс тапқан. Қоғамдағы қақтығыс, Желтоқсан оқиғасының басты кейіпкерлері, тәуелсіздікті аңсаған батырларымыз және ана мен бала қасіреті… сосын келген ТӘУЕЛСІЗДІК. Тәуелсіздік қыран құспен көкте қалықтап, өткен күн, тарихтағы ақтаңдақ іздер бүгін бізге көрмеге қойылған жұмыстар арқылы ЖАҢҒЫРЫҚ болып келуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия