ТМД елдерінің «ГИТИС – шеберлік сыныбы» фестивалі «Моцарт» спектаклімен ашылды.
Мәскеу сахнасында «Театр өнері» факультетінің Музыкалық театр артисі білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері өнер көрсетті. Қойылымнан кейін ГИТИС театртану факультетінің студенттері көрермендер мен артистердің қатысуымен спектакльді талқылауды ұйымдастырды. Дәстүр бойынша күнделікті ГИТИС шеберлері мен оқытушылары фестиваль қатысушыларына арнап сахна тілі, сахна қозғалысы және актерлік шеберлік бойынша лекциялар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Бағдарлама соңында студенттер университет оқытушыларымен бірлестікте көрген қойылымдарын талқылайды. Бұл шараның басты мақсаты — мәдени ынтымақтастықты нығайту және ТМД елдері арасында театрлық білім беру саласында байланыс орнату.