• 26.12.2024

«Қасіретті қаңтарда»

Авторkaznai

Feb 2, 2022


Мемлекеттік арнадан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының сұхбатын тамашаладық. Президентке қойылған алғашқы сұрақтан-ақ елде қаңтардың басында болған оқиғалар туралы әңгіме қозғалды. «Қасіретті қаңтарда» нақты жағдай қандай болғанын білдік. Алматыдағы тәртіпсіздіктер барысында Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне қарулы шабуыл жасалғанынан хабарсыз едік. Мемлекеттік төңкерістің артында кімдер тұрғаны, тәртіпсіздіктің ауқымы, интернетті өшіру мен ақпараттық блокаданың себептерін ашып айтты.

Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтардың басындағы оқиғалардан кейін Алматы әкімінің отставкаға кетуін талап еткен петиция туралы да өз пікірін білдірді. 1 сағатқа жуық созылған сұхбат кезінде әңгіме түгелдей дерлік қаңтардағы дүрбелеңге арналды. Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қордың жұмысы әлеуметтік, денсаулық, білім салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталатыны айтылды. Қор қоғамды біріктірудің тағы бір құралына айналады деген сенімдемін. Ал қаңтар трагедиясы – нақты бірігуіміз керек деген қажеттілікке алып келді.

Құрметпен, Жұмақын Қайрамбаев – Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Приемная комиссия