2025 жылғы 5 ақпанда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Ұлттық код тұжырымдамасы – экрандық өнерді дамыту ресурсы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында «Кино және Телевидение» факультетінің оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі Баглан Құдайберлиевтің «Эволюция лейтмотивных тем в истории казахского игрового кино: дорога, дом, дети» атты монографиясы таныстырылды.
Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан және басқа да елдердің кино саласындағы танымал зерттеушілері мен мамандары қатысты. Олардың қатарында:
- Ғ.Б. Әбілдина – профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.
- С.К. Шаймерденова – философия ғылымдарының кандидаты, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті.
- Д.И. Мирсаидова – Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының доценті.
- А.О. Омаров – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының Президенті міндетін атқарушы.
- Б.Б. Шекеров – «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының бас редакторы.
- М.В. Соловьева – «Тұран» университетінің профессоры.
Конференцияда ұлттық кодтың киноөнерге ықпалы, қазақ киносының көркемдік ерекшеліктері мен рәміздері, заманауи киноиндустриядағы өзекті мәселелер талқыланды.
Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, кино арқылы жаңа өрлеу жолдарын қарастыру – конференцияның басты мақсаты болды.
![](https://kaznai.kz/wp-content/uploads/2025/02/A96O1103-1024x683.jpg)
![](https://kaznai.kz/wp-content/uploads/2025/02/A96O1187-1024x683.jpg)