Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы талапкерлерді қолдау мақсатында кәсіби бағдарлау жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Академия өкілдері мектеп түлектерімен кездесіп, шығармашылық мамандықтар туралы мағлұмат беріп, академияға түсу шарттарын түсіндіруде.
Осы мақсатта 3 ақпан күні «Кино және ТВ» факультетінің аға оқытушысы Ахметжанова Айнұр мен оқытушы Амержанов Қазбек Алматы облысы, Өтеген Батыр ауылындағы М.Мақатаев атындағы №13 мектептің түлектерімен кездесті.
Ал 11 ақпан күні «Мансаптық даму және кәсіптік бағдарлау» бөлімінің басшысы Токеева Айгерім, «Кино және ТВ» факультетінің оқытушылары Абельдинов Адай, Амержанов Қазбек, сондай-ақ «Өнертану» факультетінің оқытушысы Әлкеева Бейбіт Абай атындағы Республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың түлектерімен кездесіп, академияның білім беру бағдарламаларын таныстырды.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Академия өкілдері талантты жастарды оқуға шақыра отырып, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

