• 23.12.2024

Алғыс айту күні

Авторkaznai

Mar 3, 2022

Академия студенттері қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

2 наурыз күні Т.Қ.Жүргенов ат.ҚазҰӨА студенттері Шығармашылық бөлімнің ұйымдастыруымен Алғыс айту күні аясында, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында мерекелік концерт қойды. 

Жастардың қонаққа келгеніне ата-әжелеріміз бір қуанып қалды. Сазды әннен күмбірлеген күйге ауысқан концерт студенттердің ырғақты вальсімен аяқталды. Мереке соңында әйелдер қауымына гүл шоқтары тарту етілді. Қарттардың қуанышты жүздері мен ыстық лебіздері студенттер үшін ең жоғарғы марапат болды. 

Қарттарымызды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу – қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті, борышы деп білеміз. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай ізгілік іс-шаралары әлі де жалғасын таппақ. 

Приемная комиссия