2025 жылдың 7 ақпанында Академияда Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану ғылымының кандидаты Нағымбек Нұрмұхамедовтың 100 жылдығына арналған «ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» шығармашылық көрмесі мен «Кенеп бетіндегі ойлар» атты дөңгелек үстел өтті.
Көрмеге академияның «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, мектеп-интернат пен колледж ұстаздарының үздік шығармашылық еңбектері қойылды. Қазақ бейнелеу өнерінің көркем мұрасы дәріптеліп, әр туындыда ұлттық мәдениет, табиғат пен тарих көрініс тапты.
Дөңгелек үстелде суретшінің қызы Мара Нағымбекқызы, Нағымбек Нұрмұхамедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің ғылыми қызметкері Ботакөз Қуанышбекқызы, Ә. Қастеев атындағы музейдің өкілі Мамытова Самал, белгілі өнертанушы Мұқажанова Күлжазира және басқа да сала мамандары сөз сөйлеп, суретшінің өмірі мен еңбектеріне тоқталды.
Бұл шара ұлттық бейнелеу өнерінің дамуындағы Нағымбек Нұрмұхамедовтың айрықша рөлін тағы бір мәрте айшықтап, жас буынды өнерге ынталандырды.


