• 30.06.2024

«Кино және ТВ» факультетінің XVI Республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысы

Авторkaznai

May 15, 2024

2024 жылғы 6 мамырда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының “Кино және ТВ” факультеті 6В02182 “Аудиоөндіріс”, 6в02183 “анимация режиссурасы”, 6В02184 “Ойын киносы режиссурасы”білім беру бағдарламалары бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVI Республикалық пәндік олимпиада өткізді.

       Олимпиаданың талантты қатысушыларын қолдау үшін “Кино және ТВ” факультеті демеушілерді шақырды: кинопродюсер – Әлия Увалжанова, “Байқоңыр” кинофестивалінің директоры – Әнуар Кенжібаев және кинотанушы – Ержан Жұмабеков, кинорежиссер Жасұлан Пошанов ұсынған “Poshanov Pictures” компаниясы, “Qiyal cinema” компаниясы кинооператор Шерхан Таңсықпаев, техника  ұсынатын “Кино Аренда” компаниясы директоры Михаил Молоков, “Zoom f8n recorder” студиясының директоры Айдана Хайдарова; сондай-ақ, факультет оқытушылары: Рустам Аймурзин, Рамиль Усманов, Адай Абельдинов, Жәнібек Оразалы, Иван Ардашов демеушілік жасады. Бұл өнер меценаттарының әрқайсысы кинематографистерді қолдауға баға жетпес үлес қосты.

      Әлия Увалжанова 1 және 2 орын иегерлеріне өзінің “Продюсер кәсібі” атты кітаптарын, кинематографта жұмыс істейтіндерге арналған оқу құралын сыйға тартты, онда авторлық құқықты қорғаудың жеке тәжірибесімен, жобалардың қатысушыларымен және серіктестерімен шарт жасасумен бөліседі, телехикаяларды түсіру технологиясы, түсірілім алаңындағы адамдардың жұмыс міндеттері туралы жазылған;

      ” Кино Аренда ” компаниясы –  “Экрандық өнер режиссурасы” білім беру бағдарламасы  бойынша 3-ші орын иегерлері үшін түсірілім техникасын жалға алуға 25000 теңге көлемінде 3 сертификат табыстады, Инара Мұхамеджановаға алғыс білдіргіміз келеді және аталған компания біздің барлық студенттерге техниканы жалға алуға 50% жеңілдік беретінін атап өтеміз.

     “Poshanov Pictures” компаниясы – “Экрандық өнер режиссурасы” білім беру бағдарламасы  бойынша 2-ші орын иегерлеріне студияның монтаждау үстелдерінде жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін сертификат табыс етті. Бұл студияны Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Дамир Қабикеұлы Манабай шеберханасының түлегі, қазіргі Академия магистранты, режиссер Жасұлан Пошанов басқарады;

     “Qiyal cinema” киностудиясы –  “Экрандық өнер режиссурасы” білім беру бағдарламасы  бойынша жоғары оқу орындары арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазына түсірілім жабдықтарын жалға алуға 500000 теңге көлемінде сертификат табыс етілді. Осы студияның жетекшісі Шерхан Таңсықпаев – Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Қосай Ренат Қадырұлы операторлық шеберханасының магистранты және түлегі екенін мақтанышпен мәлімдейміз. Шерхан академияның шығармашылық жобаларының тұрақты демеушісі және біздің талантты студенттерімізді қолдауға әрқашан дайын!

     Әнуар Кенжебеков – “Baiqоnyr” Халықаралық қысқаметражды кинофестивалінің директоры және Ержан Жұмабеков-кинотанушы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушысы “Экрандық өнер режиссурасы” білім беру бағдарламасы  бойынша пәндік олимпиадасының жеңімпазына           “Baiqnyr International Short Film Festival”фестивалінің конкурстық көрсетіліміне қатысуға сертификат табыс етті.

      “Zoom f8n recorder” студиясы дыбыс жазу жабдықтарын тегін жалға алуға сертификатты бірнеше ауысымда “Аудиоөндіріс” БББ бойынша жүлделі орындардың иегерлеріне табыс етті. Осы студияның директоры және “Кино және ТВ” факультетінің оқытушысы Хайдарова Айдана Хамитқызына жас таланттарды қолдағаны үшін алғыс айтамыз.

      Аймурзин Рустам, Усманов Рамиль, Абельдинов Адай, Оразалы Жәнібек, ардашов Иван – анимация оқытушылары “Анимация режиссурасы” БББ олимпиадасының жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

6В02183 “Анимация режиссурасы”БББ жеңімпаздары:

I орын-Әлімгереева Айшан (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

II орын-Әкім Айғаным және Асхатұлы Ұлағат (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

II орын – Акимова Айкерим, Қанапина Назиля, Мерханова Дария (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

III орын-Қыдырмола Томирис, Халелова Аружан (ҚазҰӨУ)

III орын-Байкен Жәңгір, Мереке Алмаз (ҚазҰӨУ)

III орын-Литвинова Анна (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

6В02184 “Экрандық өнер режиссурасы” БББ жеңімпаздары:

I Орын-Мұратұлы Мұхтар (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

II орын-Мерей Мақажан (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

II орын – Әнуарбек Хамитов (Turan film academy)

III орын –Мирманова Динара (Turan film academy)

III орын-Абдрахман Мира (AlmaU)

III орын-Оспанова Панаила (Turan film academy)

6В02182 “Аудиоөндіріс” БББ жеңімпаздары

I орын-Шин Богдан (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

II орын-Пасюков Артем (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

II орын-Елеусізов Арғын (ҚазҰӨУ)

III орын-Әліби Сұлтанов (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

III орын-Қощанов Нұрсұлтан (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

III орын – Никита (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)


Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия