• 03.12.2024

РММ ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Jul 26, 2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Актер шеберлігі және режиссура1 (актер шеберлігі –  орыс, неміс  тілдерінде)
Сахна тілі3 (1- сахна тілі техникасы – қазақ тілінде, құрметті атағы бар, 1-драматургиялық мәтінмен жұмыс, техникасы – қазақ тілінде,  1-сахна тілі техникасы – орыс тілінде)
Жеке ән салу1 (жеке ән салу, құрметті атағы бар)1 (жеке ән салу)
Сахна пластикасы және дене тәрбиесі1 (кроссфит -семсерлеу негіздері)
Музыкалық театр2 (1-актер шеберлігі, 1-режиссер. орындаушы мен жұмысы) – қазақ, орыс тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар2 (1-актер шебер технология, 1-вокалдық ансамбль) – қазақ тілінде
Эстрадалық оркестр аспаптары1 (эстралалық өнер мәдени синтез феномені) ғылыми дәрежесі бар3 (1-фортепиано, 1-ұрмалы аспаптар, 1-джаз фортепиано)
Эстрадалық вокал11 (джаз.вокал)
Экрандық өнер режиссурасы3 (1-режиссура негіздері, 1-анимация режиссурасы, 1-3D анимация) – қазақ, орыс тілдерінде,   1 (продюсерлік зерттеу) – орыс тілінде
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер1 (түсіру алаңында таза дыбысты жазу) – қазақ, орыс тілдерінде
Театр өнерінің тарихы мен теориясы1 (әлем театр. тарихы) – қазақ, орыс тілдерінде
Көркемсурет1 (кескіндеме) – қазақ, орыс тілдерінде
Дизайн1 (сәулеттік дизайн) – қазақ, орыс тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар2 (1-сәулеттік дизайн, 1-графикалық дизайн) – қазақ, орыс тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар4 (2-сәулеттік дизайн, 2-графикалық дизайн) – қазақ, орыс тілдерінде
Сәндік өнер1 (зергерлік іс) – қазақ, орыс тілдерінде
Хореография педагогикасы1 (анатомия, физиология және балет медицинасының негіздері) – орыс тілінде
Балетмейстерлік өнер1 (modern биді оқытудың әдістемелік негіздері) – орыс тілінде
Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар1 (философия) – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
Компьютерлік технологиялар2 (1-БАҚ саясаты және БАҚ экономикасы, қазақ, орыс, тілдерінде, 1-физика, орыс тілінде) ғылыми дәрежесі бар1 (3D-анимация) – қазақ, орыс тілдерінде

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МАМ «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы және профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы немесе профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, оқытушы лауазымында кемінде үздіксіз 3 жыл жұмыс өтілі дәріс оқуға үміткер тұлғалар үшін, кемінде 5 жыл семинарлар өткізумен айналысатын тұлғалар үшін немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедра/білім беру бағдарламасының бейініне (оқытылатын пәнге) сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар Академия ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. конкурсқа қатысушы өзі толтырған, тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефондарын (үй, жұмыс, ұялы телефондары) және электронды мекенжайын көрсеткен кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (фотосуретімен).

Жеке парақтағы еңбек қызметі жайындағы ақпарат конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатқа сәйкес толтырылады. Конкурсқа қатысушының жеке парағында көрсетілген еңбек қызметі конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатпен сәйкес келмейтін болса, онда құжатта келтірілген ақпараттар ескерілетін болады;

  • өмірбаян;
  • жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • конкурсқа қатысушының соңғы жасаған жұмыс орнының уәкілетті тұлғасының қолымен және ұйымның мөрімен расталған, Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 – қосымшаға (бұдан әрі мәтін бойынша – №2 – қосымша) сәйкес толтырылған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;
  • мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша;
  • тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • еңбек кітапшасы;
  1. соттылығы жоқ туралы анықтама;
  2. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  3. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  4. оқу-әдістемелік құжаттама (хабарландыруда көрсетілген пәндерге сәйкес силлабус).

Академияда жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. кафедра меңгерушісі қол қойған мінездеме;
  2. Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 қосымшаға сәйкес жасалған, кафедра меңгерушісінің қолымен расталған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстардың тізімі (бұдан әрі мәтін бойынша – № 2 қосымша);
  3. кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер кандидаттар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
  4. соттылығы жоқ туралы анықтама;
  5. құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама алуға келісім беру;
  6. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  7. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті;
  9. барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құжаттама (оқытушының ағымдағы және алдағы оқу жылына арналған жеке жоспары бойынша сағаттарды орналастыруға сәйкес ПОӘК және силлабус).

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамада  ұсынылғанда немесе өтініштерді беру мерзімін бұзу жағдайларында тұлғасының құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

            Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2024 жылдың 26 тамызына дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия