Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі қызметі: негізгі орта (7-9-сыныптар мектеп-интернаты), техникалық және кәсіптік (колледж), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және PhD докторантура) білім беру, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру (бұдан әрі – Білім беру) саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша өнер саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу және үйлестіру.
Орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.
Лауазым: музыкалық өнер факультетінің деканы– 1 бірлік.
Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:
Категория | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (теңге) | |
– | бастап | дейін |
А 2-1 | 103 350 | 125 649 |
Негізгі функционалдық міндеттері:
- кафедра меңгерушілеріне, факультет ұжымы мен студенттеріне әкімшілік басшылықты жүзеге асырады;
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустарын; элективті пәндер каталогын; студенттердің жеке оқу жоспарларын бекітеді;
- кәсіптік бағдар беру жұмысын және факультетке қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;
- оқу сабақтарының, емтихандардың, сынақтардың кестесін жасауға басшылық жасайды және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- оқу үдерісін, оқу жаттығу сабақтары мен кәсіптік тәжірибелерді ұйымдастыруды бақылайды және реттейді;
- студенттердің өзіндік жұмысын, оның ішінде оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысын, студенттердің жеке оқу жоспарларының орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
- студенттерді курстан курсқа ауыстыруға ұсыныс дайындайды;
- студенттерді емтихан сессияларына жіберуді жүзеге асырады. Курстық емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат береді;
- қажет болған жағдайларда емтихандар мен сынақтарды қабылдау жөніндегі комиссияны құрады;
- студенттерді мемлекеттік емтихан тапсыруға, дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібереді;
- бітірушілерді қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі факультеттің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына, сондай-ақ факультеттің қабылдау комиссиясының құрамына кіреді;
- студенттерді оқуға қабылдауға, оқудан шығаруға және қайта қабылдауға ұсынады;
- білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесіне сәйкес факультет студенттеріне стипендия тағайындауға ұсыныс дайындайды;
- кафедраларда, зертханаларда, ғылыми студенттік үйірмелерде, ғылыми студенттік ұйымдарда жүргізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе ғылыми атағының және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағының болуы, білім беру ұйымдарында басшы және ғылыми-педагогикалық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін; оқу жоспарларын жасау тәртібін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін; педагогиканы, физиологияны, психологияны; кәсіптік оқыту әдістемесін; студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы түрлері мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялары мен бағыттарын; жастар мен балаларды тәрбиелеудің ұлттық идеологиясын; қазіргі заманғы педагогикалық менеджмент және стратегиялық басқару әдіснамасын білуі тиіс.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 ж. №1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
- 3х4 фото – 4 дана;
- барлық қажетті мәліметтер толық мазмұндалған өмірбаян;
- түйіндеме;
- білімі туралы дипломдардың қосымшасымен бірге көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- ғылыми дәреже, құрметті атақтар берілгені туралы аттестаттардың, дипломдардың көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- еңбек кітапшасы;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама алуға келісім беру;
- соттылығы жоқ туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша.
Осы тармақта көзделген қажетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, № 2 кабинет (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).
Құжаттар 2024 жылдың 26 тамызынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.