• 22.12.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің студенттері Аян Қабыл мен Қайнар Ерсін мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолындағы еңбектері үшін алғыс хатпен марапатталды. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының басшылығы жас суретшілерге өз ризашылығын білдірді.

Алғыс хатта, «Станок кескіндемесімен балалар онкологиясы орталығының алдыңғы бөлігін кескіндеуге қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз»,- делінген.

Қатерлі ісік жас талғамайтын ауыр індет. Бұл ауру Қазақстанда өршіп тұр. Елімізде жыл сайын 36 мыңға жуық қатерлі ісік ауруы тіркелсе, оның 8500-ге жуығы осы институтта емделеді. Осы орайда науқастарға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында 430 орындық емхананың сыртқы безендірілуі мен көркемдеу жұмыстарын ғылыми-зерттеу институтының басшылығы қос студентке тапсырды.

Аян Қабыл мен Қайнар Ерсін Қытайдан келген қандастарымыз. Бала жастан суретші болуды армандаған жігіттер Үрімшідегі өнер колледжін «суретші» мамандығы бойынша тәмамдап, академияның «Станокты кескіндеме» мамандығына оқуға түскен. Екеуі де халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы.

Шәкіртерімізге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта өз тәжірибесін ел игілігі жолында жұмсауына, жұмыстарының жандануына тілектестік білдіреміз!

#Жарайсың

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия