2024 жылдың 26 қарашасында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолдауымен «Терроризм – әлем проблемасы» тақырыбында маңызды іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға діни ағымдар туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, олардың экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі мен қатыгездігін түсінуіне ықпал ету болды.
Академия білім алушылары кездесуге белсенді түрде қатысып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандарына діни ағымдар және олардың қоғамға әсері туралы сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Кездесу барысында студенттерге ислам діні туралы терең түсінік беріліп, экстремизм мен терроризмнің ислам дініне қатысы жоқ екені түсіндірілді. Сонымен қатар, теріс діни ағымдардан аулақ болу қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінен Төрехан Берік Бақытжанұлы мен Рсаев Мадияр Карибаевич қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Академия ұжымы мамандарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға сенім білдірді.