• 27.09.2024

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі

Авторkaznai

Sep 9, 2024

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі

5-қыркүйек 2024 жылы  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында Қазақстан халқы Тілдер мерекесі күні атап өтілді. Кафедраның тіл мамандары «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің бірінші және екінші курс студенттерімен аталған мереке тарихы, оны атап өту мақсаты мен маңызы туралы ақпараттық-танымдық дайджест өткізді. Студенттер Қазақстан халқы Тілдер мерекесінің маңызды мемлекеттік мереке ретінде елімізде аталып өтетіндігінен мәлімет ала отырып, жаңа ақпараттармен танысты. Сонымен қатар, аталған мерекенің қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тікелей байланысы да назардан тыс қалмады. Білім алушылар оқытушылар дайындаған видеоролик және презентациялар арқылы мемлекет деңгейінде аталып өтілетін маңызды мереке екендігінен мол ақпараттар алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия