• 27.12.2024

«Қазіргі сахналық және экрандық өнердегі ұлттық құндылықтардың трансформациялануы»

Авторkaznai

Nov 11, 2021

Өнертану докторы, профессор Бағыбек Құндақбайұлының 95 жылдығына арналған «Қазіргі сахналық және экрандық өнердегі ұлттық құндылықтардың трансформациялануы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық (онлайн/оффлайн) конференциясын өткізу туралы

 АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2021 жылдың 19-қарашасы күні Ресей жаратылыстану академиясының «Евразия зерттеу» бөлімшесініңакадемигі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Бағыбек Құндақбайұлының 95 жасқа толуына орай «Қазіргі сахналық және экрандық өнердегі ұлттық құндылықтардың трансформациялануы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық (онлайн/оффлайн) конференция  өткізеді.

Бұл конференцияға шетелдік және отандық танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері шақырылып отыр. Конференцияға магистранттар, докторанттар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, өнертанушы ғалымдар қатыса алады.

Конференция төменде аталған бағыттарда жұмысын жасайды:

– Театртану ғылымы мен сынының өзекті мәселелері;

– Кинотану ғылымындағы инновациялық үдерістер;

– Ұлттық музыка өнерін зерттеудің заманауи әдіс-тәсілдері;

– Қазіргі бейнелеу өнеріндегі ұлттық құндылықтардың маңыздылығы

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

Баяндамалар мен мақалалар 2021 жылдың 15 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне theatrecriticsiu@gmail.com адресіне жолдануы қажет. Конференция жұмысына қабылданған мақалалар жинақ болып басылады. Қатысу жарнасы 4000 (төрт мың) теңге (Каспий голд  + 7 701 279 8681 Айдана Мұратқызы)

Конференцияға қатысушылар ұйымдастыру комитетімен алдын-ала хабарласқаны жөн. Алматыға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады. Санитралық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференцияның қатысушылары форматына (онлайн/оффлайн) байланысты деректер қосымша хабарланады.

Қатысу жөніндегі өтініште төмендегідей мәліметтер болуы керек:

  1. Аты-жөні.
  2. Ғылыми дәрежесі.
  3. Жұмыс орны.
  4. Баяндама аты.
  5. Мекен-жайы, E mail, телефоны.

Конференцияның пленарлық мәжілісі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мәжіліс-залында 19-қараша сағат 14.00 де басталады.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Панфилов к-сі, 127. Тел: +7 701 327 90 29 (Амангелді Мұқан);  E mail: theatrecriticsiu@gmail.com                                       

Ұйымдастыру комитеті

Мақалаға қойылар талаптар

Қаріптің өлшемі – 12, қаріп – Times New Roman, интервал – бір, абзац шегінісі – 1 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, солға және оңға – 2 см.

Мақала құрылымы:

Мақала тақырыбы қалың қаріппен, кіші әріптермен беріледі, жолдың ортасына тураланады.

Автор туралы мәлімет:

Мақаланың авторы (авторлары) – аты-жөні, тегі, жұмыс орны (ұйымы), қаласы, елі, телефон нөмірі, электрондық поштасы. Автор туралы ақпарат жай қаріппен кіші әріптермен жазылып, жолдың ортасына тураланады.

Аннотация 100-150 сөз – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде

Түйін сөздер (5-7 сөз) – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде

Негізгі мәтін – 5-6 бет көлемінде болуы тиіс.

Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті.

Приемная комиссия