2024 жылдың 14 ақпанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрында “Өзгеге көңілім тоярсың” атты концерт өтті. Бұл кеш КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, талантты композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналды.
Концертті “Жеке ән салу” кафедрасы ұйымдастырды. Кештің шымылдығы композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмнен үзінді көрсетумен ашылды. Бұл фильмде оның ең жарқын туындыларының жазылу тарихы баяндалды.
Кеш барысында Сыдық Мұхамеджановтың танымал шығармалары шырқалып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Академия ұстаздары мен студенттері орындаған туындылар терең мазмұны мен шебер орындалуымен есте қалды.
Ұлы тұлғалардың шығармашылығын дәріптеу – ұлттық өнеріміздің дамуына қосылған зор үлес. Темирбек Жүргенов атындағы өнер академиясы қазақ музыкасының асыл мұрасын сақтау мен насихаттауды жалғастырып, отандық өнер мектебінің үздік дәстүрлерін болашақ ұрпаққа жеткізуде.



