2022 жылдың 25-27 сәуір аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия галереясы және «Көркемсурет» кафедрасының ұйымдастыруымен «Qyzğaldaq-2022» ІІ Халықаралық студенттік конкурс-пленэрі өтті.
Байқауға «Кескіндеме» бағыты бойынша (бейнелеу өнері, дизайн және қолданбалы өнер саласы) Қазақстан және өзге елдердегі жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.
![](http://kaznai.kz/wp-content/uploads/2022/04/80-1-1024x502.jpg)
Нәтижесінде Қазақстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің онға жуық университетінен 20-дан аса студент өнер бәйгесінде бағын сынады.
Толығырақ: Жүргенов академиясында «Qyzğaldaq-2022» ІІ Халықаралық студенттік конкурс-пленэрі өтті | JAS.KZ