Құрметті студенттер!
Академияға 2023-2024 оқу жылына түскен студенттер, білім беру қызметтерін көрсету келісімшартына тұру үшін, келесі әрекеттерді орындауы қажет:
1. https://kaznai.kz/ сайтының басты парағында «Білім Алушыларға» бөлімінде «КЕЛІСІМШАРТ» («ДОГОВОР») қосымшасын таңдап, содан кейін тізімнен сіздің мамандығыңызға және оқу формаңызға сәйкес келісімді таңдап, сілтеме бойынша өтіңіз.
2. Келісімшарт құжатын жүктеп алыңыз, басып шығарыңыз (2 данада), келісім шартпен танысыңыз және жеке куәлікке сәйкес деректеріңізді көрсете отырып толтырыңыз.
Ескерту: келісімшарт көк қаламмен, қатесіз, нақты қолжазбамен толтырылуы керек.
3. Екі данада толтырылған келісімшарт құжатын және келісімшарттағы ақы төлеу кестесіне сәйкес, оқу ақысы төленгені туралы түбіртектің көшірмесін (ақылы білім беру формасы үшін) 1 қыркүйекке дейін EMS-поштасы (Казпочта) арқылы жіберіңіз:
Пошталық мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, 28 кабинет
Сұрақтарыңыз болса, телефон арқылы хабарласыңыз:
8/727 / 272-01-83
Ескерту:
1. Келісімшартты жүктеу үшін тиісті сілтемеге өтіңіз:
- Бюджет негізінде оқитын 1-курс студенттері
- «Актерлік өнер» және «Эстрадалық вокал» мамандықтары бойынша ақылы негізде оқитын 1-курс студенттері
- Басқа мамандықтар бойынша ақылы негізінде оқитын 1-курс студенттері
- Қашықтықтан білім беру бағдарламасында оқитын студенттер:
- «Актерлік өнер» және «Эстрадалық вокал» мамандықтары бойынша қысқартылған оқу формасы бойынша оқитын студенттер (колледжден кейін, сонымен қатар екінші жоғары білім алушылар):
- Басқа мамандықтар бойынша қысқартылған оқу формасы бойынша оқитын студенттер (колледжден кейін, сонымен қатар екінші жоғары білім алушылар):