«ШЕТ ТІЛІ ЖӘНЕ ҚХА» КАФЕДРАСЫ Дөңгелек үстел, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық топтың отырысы – «ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАН: БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ДАМУ»
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Президент Қ.-Ж. К. Тоқаев айтқан мәселелерді талқылау.
2023 жылғы 19 мамырда ҚР ҒЖБМ (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі) Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану Институтында Алматы қаласы ҚХА (Қазақстан халқы Ассамблеясы) Ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.
Отырыстың қатысушылары: Алматы қаласы ҚХА ҒСТ (ғылыми-сараптамалық топ) мүшелері, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану Институтының қызметкерлері.
Отырыста ҚХА-ның «Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» XXXII сессиясында Президент Қ.К. Тоқаев айтқан өзекті мәселелерталқылау бойынша көтерілді. Алматы қаласы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының және біздің елімізде болып жатқан этномәдени процестердің қызметін зерттеу саласындағы ғалымдардың жұмысы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар ғалымдардың ғылыми басылымдарының тұсаукесері өтті:
1. «Қоғамды жаңғырту контекстіндегі Қазақстандық бірегейлік»,
2. «Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процестер». Үш бөлім (3 жинақ)
Жетекші Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың этносоциалдық процестері бойынша ғылыми басылымдардың тұсаукесері бойынша негізгі баяндамашылар болды:
Шаймерденова М.Д. – т. ғ. к. (тарих ғылымдарының кандидаты), профессор, ХАА (халықаралық ақпараттандыру академиясының) академигі, Алматы ҚХА ҒСТ мүшесі, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры.
Баяндама: «Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процестер» ғылыми еңбектер жинағының білім беру және қолданбалы аспектілері»
Қадыржанов Р.К. – ф.ғ.д., профессор, ҚР ҒЖБМ (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі) ҒН (ғылым комитетінің) философия, саясаттану және дінтану Институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы ҚХА ҒСТ мүшесі.
Баяндама: «Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процестер» ғылыми еңбектер жинағының ғылыми-теориялық аспектілері»
Қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдардың жұмыстарында таныстырылған ғылыми еңбектер Қазақстандағы этноәлеуметтік процестердің қазіргі даму кезеңіндегі жай-күйінің ерекшеліктерін, этностардың қоғамға интеграциялану, қандастарды бейімдеу, этномәдени тәрбие мен білім беру, азаматтық және этникалық бірегейлік және т. б. мәселелерін талдайды. Этноәлеуметтік үдерістерді, этносаралық өзара іс-қимылдарды талдауға ерекше назар аударылды.
Профессор М.Д. Шаймерденова Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, философия, саясаттану және дінтану Институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. М. С.-А. Шайкемелевтің атынан «Шет тілі және ҚХА» кафедрасына, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кітапханасына ұсынылған әрбір кітаптың 4 данасын сыйға тартты. Қазақстанда ғана емес, әлемде де этносаяси және этносоциалдық процестерді қарастыратын ғылыми еңбектер мен монография жинақтары академия студенттеріне қосымша білім береді.