2023 жылғы 05 қыркүйекте «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дәріс өтті.
«Конституция күні» – елімізде атап өтілетін ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Елдің Негізгі Заңы 1995 жылы 30 тамызда өткен ұлттық референдумда қабылданды. Құжат зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізін қалады, мұнда басты құндылықтар – адам, оның өмірі мен құқықтары делінген. Конституцияның арқасында әрбір азамат өз құқығын білетін өркендеген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Дәріс барысында оқытушы Тауенов Канатбек Ергазыұлы 1995 жылы Конституцияны қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, елдің Негізгі Заңына енгізілген негізгі түзетулерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Оқытушы өз баяндамасын аяқтаған соң студенттер дәріс тақырыбы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.