• 22.11.2024

Құқықтық тәрбие бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар

Авторkaznai

Oct 19, 2023

Рухани-адамгершілік бағыты бойынша «Тәуелсіздік – әр қазақтың мақтанышы» поэзия кеші өтті. Өскелең ұрпақ  еліміздің Тәуелсіздігін мақтаныш тұтып, қадіріне жетуге бағытталған шара ретінде өтті.

  Патриоттық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарды Отанын сүюге баулып, дұрыс бағытта тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақ еліне терең құрмет сезімін қалыптастыру тәрбие жұмысын жүргізу маңызды. Құқықтық және патриоттық тәрбие бағыты бойынша «Қазіргі қоғамдағы дін мәселесі», «Бір шаңырақ, бір Отан, бір отбасы», «Сыйбайлас жемқорлықты алдын алу» шарасы өтті. Әр білім алушының санасына құқықтық нормалар жеткізіп, патроиттық қасиеттерін оятып қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Азаматтық-патриоттық бағыты бойынша «Қазақстан болашағы – Жастар» атты тәрбиелік-патриоттық кездесу кеші, «Қазіргі ядролық қарусыздандыру мәселесі», «Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен жастарға арналған форумға» қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия