2023 жылдың 17 қазанда сағат 12.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Сәндік өнер» кафедрасының профессоры Базарбаева Раушан Еркенқызының Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Біз байқамайтын дүние» атты жеке көрмесі өтеді.
Бүгінгі таңда Р. Базарбаеваның бейнелі ойлаудан жасалған көркем туындылары өзінің жеке қолжазбасымен ерекшеленіп, өзінің үйлесімді әлемін қалыптастыра отырып, қазақтың гобелен өнерінің қазынасына енді
Оның дәлелі – «Көктем -1», «Көктем -2», «Желден де жылдам» гобелендері Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақ Орда» резиденциясында лайықты орнын тапты.
Оның жұмысы Қазақстанның Орталық мұражайында, жүзіндегі мұражайларда және жеке галереяларда көрермендерді қуантады. Көптеген шәкірт тәрбиелеген Базарбаева Раушан Еркенқызы – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», ҚР Мәдениет қайраткері, Жоғары аттестациялық комиссияның профессоры, «2013 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері. Ол тоқыма сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жетекші ұстаздардың бірі.
Оның барлық жұмыстары өнер емес, поэтика. Р. Е. Базарбаеваның гобелендерінде жанымыздың ең жасырын бұрыштарында қалыптасып, көркем түрде қайта жаңғырып, жоғары көтеріліп келе жатқан қазақ бейнелеу өнерінің бұл лирикалық поэзиясы өзінің жарқын көрінісін толық тапты.