• 22.11.2024

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»

Авторkaznai

Sep 9, 2021

2021 жылы 8 қыркүйекте Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жиынды ректордың уақытша міндетін атқарушы Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков ашып, басты құжаттағы бірқатар маңызды бағыттарға баса мән беру керектігін айтты.

-Мемлекет басшысының маңызды және нақты тапсырмалары, ең алдымен, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға бағытталған. Жолдауда көтерген мәселелердің ішінде білім саласын ерекше атап өткім келеді. Пандемия жағдайында білім беру жүйесінің алдына маңызды міндеттер қойылды. Біз де өз тарапымыздан сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, мамандарды даярлау жағдайына жауапкершілікті арттыруымыз қажет», деді Ш.А.Әмірбеков.

Талқылауға қатысқан академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Абзал Қуанышұлы Президенттің «Қазақстанның мүмкіндіктері зор, соның ішінде өзін халықаралық аренада тиімді таныта алады» деген сөзін мысалға ала отырып, болашақ мәдениет пен өнер қызметкерлерінің білім сапасына назар аударуға, кәсіби шеберліктерін шыңдауға, шығармашылығын қолдауға шақырды.

Талдау аясында сөз алған т.ғ.к., профессор Меңдіғаным Жамалбекқызы Шаймерденова Жолдауда көрсетілген нақты жеті бағыт бойынша міндеттерге тоқталса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметінің басшысы Әскербек Әбдірахманұлы Әнуар өз баяндамасында кадрларды даярлау мәселесін ерекше атап өтті. Соңынан академияның ғылыми істер жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекұлы пандемия жағдайындағы биылғы оқу форматының ерекшеліктеріне тоқталды.

Сондай-ақ, кездесу барысында Жолдауды насихаттау және іске асырудағы міндеттер айқындалып, айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жиналғандардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Приемная комиссия