Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы лауазымдық қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы тағайындалды. Академия ұжымына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы Ербол Әлиқұлов таныстырды.
Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі.
2009-2011 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.
2011-2013 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.
2013-2018 ж.ж. – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.
2018-2023 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
23.05.2023 – 9.07.2023 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы
10.07.2023 – 6.11.2023 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі.
07.11.2023 – 30.01.2024 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
Жаңа басшының алдағы қызметіне табыс, үлкен серпін, тың бастамалар тілейміз!