• 24.11.2024

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»

Авторkaznai

Apr 1, 2024

2024 жылдың 28-ші наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ-нің кино залында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты акт дәрісі өтті. Дәрістің мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің негізгі тармақтарын түсіндіру.
Ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді диалог алаңы болып табылады. Бұл жерде тек тікелей пікірталастар, қоғамның бірлігін нығайтуға бағытталған жаңа идеялар мен қадамдарды іздестіру және жүзеге асыру көзделген. Атырау қаласында өткен үшінші Құрылтайға қоғам қайраткерлері, мәдениет және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Акт дәрісі барысында Президенттің сөйлеген сөзінің негізгі тезистері айтылып, елді жан-жақты жаңғырту жөніндегі бастамалары ұсынылды. Баяндаманың негізгі бағыттарының толық инфографикасы бар презентация дайындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия