21 маусымда Қазақстанда алғаш рет Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кинозалында әлемдік тур аясында философия докторы Австралиядағы Грац Университетінің профессоры Грац Университетінің жүйелі музыкатану орталығының директоры Ричард Парнкатт пәнаралық тақырыптарда дәріс-әңгіме өткізді.
Оның сөйлеген сөзінің басты тақырыптарының бірі “Мажор-минор кілтінің психоакустикалық негіздері” болды.
Осы іс-шарада Ричард Парнкатт өзінің 2024 жылы жарық көрген «Психоакустические основы мажорно-минорной тональности» атты бірегей кітабын таныстырды. Кездесуге республикамыздың шығармашылық жоғары оқу орындарының ұстаздары қатысты, оның ішінде Темірбек Жүргенов, атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің, Торайғыров университеті және т. б. Автор дәрістің барлық қатысушыларына кітаптың электронды нұсқасын ашық түрде ұсынды.