Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі қызметі: негізгі орта (7-9-сыныптар мектеп-интернаты), техникалық және кәсіптік (колледж), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және PhD докторантура) білім беру, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру (бұдан әрі – Білім беру) саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша өнер саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу және үйлестіру.
Орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.
Лауазым: колледждің оқытушысы – 3 бірлік (кескіндеме – 1, актер шеберлігі – 1, вокал – 1).
Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:
Категория | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (теңге) | |
– | бастап | дейін |
В 1-4 | 77867 | 93971 |
Негізгі функционалдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
- білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
- оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; басқарудың инновациялық әдістері; педагогикалық этиканың негізгі нормалары; экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері білуге тиіс.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
- 3х4 фото – 4 дана;
- барлық қажетті мәліметтер толық мазмұндалған өмірбаян;
- түйіндеме;
- білімі туралы дипломдардың қосымшасымен бірге көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- ғылыми дәреже, құрметті атақтар берілгені туралы аттестаттардың, дипломдардың көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- еңбек кітапшасы;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама алуға келісім беру;
- соттылығы жоқ туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша.
Осы тармақта көзделген қажетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, № 2 кабинет (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).
Құжаттар 2024 жылдың 12 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.