«Сценография» бағдарламасының студенттері алған білімдерін тәжірибеде сәтті қолдананып, өнер ордасында білімін шыңдайды. Мысалы 2 курс магистранты Александра Рычкова мен 3 курс студенті Шахназар Қанапия «Менің атам шие болған» спектаклінің қойылымына қатысып келді.
Александра Рычкова спектакльдің атмосферасы мен көркемдік тұтастығын баса көрсететін визуалды бейнелерді жасап, костюмдер бойынша суретші қызметін атқарды.
Шахназар Қанапия жарықтандыру бойынша суретшідің көмекшісі ретінде жұмыс істеді, ол сахналық әрекетті драмалық және көрнекі қабылдауды жақсартатын жарық шешімдерін жасауға көмектесті.
Студенттеріміздің кәсіби жобаларға қатысуы, олардың білім алуының маңызды бөлігі болып табылады, шығармашылық дағдыларды дамытуға және сахна өнерін терең түсінуге ықпал етеді.