• 16.10.2024

Шәкірттердің Қарттар үйіндегі қайырымдылық концерті

Авторkaznai

Oct 7, 2024

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 2024 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық концертін өткізді. Бұл іс-шара барлық қатысушылар үшін нағыз мереке болды.

Концертте Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер», «Хореография» факультеттерінің студенттері өнер көрсетті.

Көрермендер «Шашу», «Көктем», «Хорезм» хореографиялық композицияларын тамашалап; «Стань моей молитвой», «Өзіңмен бірге», «Махаббат вальсі», «Халық аспаптары» мамандығы студенттерінің орындауындағы «Құрманғазы», «Төремурат» халық әндері мен күйлерін тамсана тыңдады.

«Қамқор» әлеуметтік үйінің директоры Тұрарбек Тұманшиев студенттерге, Академия ұстаздарын ұйымдастырылған мерекелік іс-шара үшін, әлеуметтік үйдің қарт тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгендері үшін алғыс білдіріп, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына қарттар үйінің әлеуметтік саласын қолдауға және қайырымдылықты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс хат ұсынды.

Іс-шараға жауаптылар: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы (А. Алимжанова, Л. Удербаева, Б. Божбанбаев, К. Тауенов)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия