Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Республикалық пәндік олимпиадаға арналған қарқынды апта жалғасуда. Аталған шара студенттердің кәсіби білімі мен шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған.
2024 жылдың 25 қараша күні XVII Республикалық пәндік олимпиаданың шеңберінде «Сән және костюм дизайны» кафедрасының білім беру бағдарламасының екі траекториясы бойынша білім алушы студенттері арасында жарыстың 1-ші туры өтті.
Олимпиада тақырыбы: «Заманауи әлемдегі этникалық сәйкестілік».
Студенттерге келесі тапсырма берілді: бейнелік-ассоциативтік ойлау негізінде костюмдік бейненің эскиздік шешімін жасау.
Конкурстық жұмыстың нәтижесі – A3 форматтағы қағазға салынған костюм композициясының түрлі-түсті эскизі.
Олимпиадаға 29 студент қатысып, «Фэшн-дизайн» және «Театр және кино костюмінің дизайны» траекториялары бойынша жарысты.
Конкурстық комиссия студенттер орындаған жұмыстар нәтижесін талқылау және бағалау арқылы екі номинация бойынша жүлделі орын иелерін анықтады.
Өткізілген шара кезекті рет академия студенттерінің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Олардың шығармашылық көзқарасы, этникалық сәйкестілікті терең түсүнуі және ұлттық сарынды замануи дизайнмен ықпалдастыра білуі жоғары баға алды.
Қатысушыларға олимпиаданың келесі кезеңдерінде де шығармашылық табыс пен жеңіс тілейміз!