2024 жылдың 20 қарашасында жоғары оқу орындары студенттеріне арналған ХVІІ Республикалық пәндік олимпиаданың алғашқы іріктеу кезеңі өтті. Бұл кезең 6 түрлі номинация бойынша ұйымдастырылды:
- Классикалық жанр шығармаларын орындау;
- Халық және халық композиторларының шығармаларын орындау;
- Қазақстан, орыс және шетел композиторларының романстарын орындау;
- Ретро және заманауи әндерді орындау;
- Патриоттық және соғыс жылдарына арналған әндерді орындау;
- Театр қойылымдары, оперетта мен мюзиклдерді орындау.
- Жеке ән салу кафедрасынан 55 студент қатысты, іріктеу кезеңінен 49 студент сәтті өтті.
Әншілік өнер болашақ актерлер үшін өте маңызды. Ол тек дауыс мүмкіндіктерін жетілдірумен ғана шектелмей, актердің кәсіби шеберлігін арттырып, дем тіректерінің тұрақтанып, сөйлеу дауысының ұзақ жылдар бойы сақталуына ықпал етеді. Олимпиада барысында студенттердің пәнге деген қызығушылықтары, өнерге деген сүйіспеншіліктері айқын байқалды.