Ағымдағы жылдың 1 қазан күні Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжінде терроризмге қарсы жаттығу, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялау және сейсможаттығу өткізілді. Ұйымдастырушылар – Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басшысы Абуов Н.М және тәрбие жұмыстарының меңгерушісі Ибраева Г.Қ.
Аталған шара академияның дайындық дәрежесін анықтауға және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған. Іс-шараға академияның студенттері мен оқытушылары қатысты. Қатысушыларға жер сілкінісі қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі жеткізілді. Студенттерді университет аудиторияларынан қауіпсіз жерге көшіру бойынша жаттығу өткізілді.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басшысы Нұрхан Мырзатайұлы: «Біз мұндай оқу-жаттығуларын квартал сайын, яғни үш айда бір рет өткіземіз. Алдын-ала жалпы сейсможаттығуды өткізу жоспары желтоқсан айында төтенше жағдайлар бөлімімен әзірленеді және бір жылға бекітіледі. Шара барысында мекеме қызметкерлерінің, білім алушыларының іс-қимылы, өзара байланыс әрекеттері пысықталады. Ең бастысы, сейсможаттығу төтенше жағдайларда үрей мен қысымдарды болдырмау үшін қажет».